"RG Brands" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
26.01.22 10:40
/KASE, 26.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 200 000 дана;
- компанияның 3 452 730 жай акциялары және 789 500 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 1 865 466 жай акциясын және 789 500 артықшылықты акциясын
кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Қ.Қ.Мәжібаев болып табылады, оның
меншігінде 1 519 771 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының
жалпы санынан 95,75 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан
35,82 %) бар.
[2022-01-26]