"Еуразиялық банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.01.22 14:43
/KASE, 24.01.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 096 038 900 дана,
артықшылықты акциялар саны – 3 000 000 дана;
- банктің 20 960 389 жай акциялары орналастырылған, банктің артықшылықты
акциялары орналастырылмаған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады.
[2022-01-24]