"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.01.22 10:53
/KASE, 24.01.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 55 000 000 дана; - компанияның 53 550 002 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады, оның меншігінде 53 550 002 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00 %) бар. [2022-01-24]