"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.01.22 10:28
/KASE, 24.01.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана;
- банктің 2 109 590 жай акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ
болып табылады.
[2022-01-24]