Қазақстанның қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 19 қаңтар күні МЕУКАМ-144 тоғызыншы шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) өтеуге кірістілігі жылдық 10,87 %-бен орналастырып, 37,9 млрд теңге тартты

21.01.22 17:51
/KASE, 21.01.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тоғызыншы шығарылымындағы МЕУКАМ-144 (KZKD00001178, MUM144_0009) Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2022 жылдың 21 қаңтарында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 37 931 972 725,7 теңгені құрады. KASE "Қазақстанның қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында 19 қаңтарда 36,8 млн МЕУКАМ-144 шығарылымын (KZKD00001178, MUM144_0009) өтеуге жылдық 10,87 % табыстылығымен орналастырды" жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1476152/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-01-21]