"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.01.22 10:30
/KASE, 21.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана; - банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 1 934 376 697 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж. Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 80 794 031 785 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 89,32 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,45 %) бар. [2022-01-21]