04 ақпанға тағайындалған "Dosjan temir joly" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

20.01.22 17:39
/KASE, 20.01.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Dosjan temir joly" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 04 ақпанына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін келесі мәселелермен толықтыру туралы хабарлады: - Директорлар кеңесінің мүшесі – Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы М. А. Шакеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі Е. М. Жұмабаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjl_meeting_040222.pdf [2022-01-20]