/KASE, 20.01.22/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Fixed Income" интервалдық инвестициялық пай қорының
(ИПИҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын "Фридом Финанс" АҚ
(Алматы) 2022 жылдың 17 қаңтарында 2021 жылдың төртінші тоқсанына
KZPF00000082 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FFIN_or) пайларын ұстаушыларға дивиденд және 2021 жылдың екінші
жартыжылдығына арнайы дивиденд төленгені туралы хабарлады.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес төлем сомасы тіркелген дивидендтер бойынша
32 626 958,89 теңгені және арнайы дивидендтер бойынша 286 646 913,37
теңгені құрады.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_dividends_170122_02.pdf
[2022-01-20]