"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
19.01.22 16:41
/KASE, 19.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана,
артықшылықты акциялар саны – 11 100 дана;
- компанияның 6 588 624 жай акциялары және 9 689 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның
меншігінде 6 592 226 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
99,91 %) соның ішінде компанияның 6 588 624 жай акциясы (компанияның
орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00 %) және 3 602
артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының
жалпы санынан 37,18 %) бар.
[2022-01-19]