"ForteBank" АҚ Asiamoney пікірі бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды

19.01.22 15:47
/KASE, 19.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Нұрсұлтан) 2022 жылдың 19 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынды, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы Asiamoney халықаралық қаржылық басылымы үшінші рет қатарынан ForteBank-ті Қазақстанның үздік Банкі деп таныды. Банк осындай марапатты 2019 және 2020 жылдары алды. Бұл марапатты жыл сайын қаржы ұйымдарының қызметін зерттеу және клиенттер мен серіктестердің пікірлері негізінде беделді қаржы талдаушылары тағайындайды. Басылымда атап өтілгендей, ForteBank Банктің активтері мен пассивтерін орынды басқарудың, әртараптандырылған портфельдің және бизнестің барлық сегменттерінің жақсы теңдестірілген өсуінің арқасында Asiamoney пікірі бойынша 2021 жылдың үздік банкі болды. цитатаның соңы Пресс-релиздің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_190122_1.pdf [2022-01-19]