"ForteBank" АҚ бұлтты сервистерде куәландырушы орталықтың мемлекеттік аккредиттеуінен өтті

19.01.22 15:31
/KASE, 19.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Нұрсұлтан) 2022 жылдың 19 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынды, онда былай деп хабарланады: цитатаның басы ForteBank 2020 жылдың соңында бекітілген жаңа қағидалар шеңберінде бұлтты сервистерде куәландырушы орталықтың мемлекеттік аккредиттеуінен өткен алғашқы банк болды. Іске асыру процесінде қауіпсіздікті жақсарту тұрғысынан криптографиялық жабдықты жеткізушімен орасан зор жұмыстар жүргізілді, кілттерді басқару бойынша биометриялық сәйкестендіруі бар цифрлық кабинет құрылды, тіпті қол қою процесіне Blockchain тізбегі енгізілді. Бұл аккредитация электрондық цифрлық қолтаңбада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарға банктің сәйкестігін растайды. ForteBank клиенттері үшін бұл жақын арада оларға жаңа қызмет – бөлімшеге бармай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) шығару қолжетімді болатынын білдіреді. Онлайн берілген және ЭЦҚ-мен қол қойылған құжаттар өз қолымен қол қойылған қағаз құжаттар сияқты заңды күшке ие болады. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_190122.pdf [2022-01-19]