"Биржалық симулятор" байқауының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 5,2 млрд теңгеге жетті

11.01.22 11:09
/KASE, 11.01.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 қаңтарында "Биржалық симулятор" оқыту байқауының екінші кезеңі аяқталғанын хабарлайды. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 5 179 млн теңгені құрады. Мәмілелердің орташа күндік көлемі 287 млн теңгеден асты. Төменде оқу сауда-саттығы кезеңінде құралдар бөлінісінде жасалған барлық мәмілелер бойынша ақпарат берілген. ---------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, теңге коды саны ------------ --------- ----------------- BAST 107 54 092 409,45 CCBN 352 260 063 723,95 HSBK 470 425 297 029,37 IE_FXBF 112 56 988 945,93 KCEL 231 130 337 889,36 KEGC 145 77 667 362,61 KZAP 689 701 387 139,18 KZTK 296 272 543 289,21 KZTO 308 239 134 219,55 NL_YNDX 713 733 515 847,84 RU_AFLT 171 105 094 303,61 RU_GAZP 1 010 927 115 798,93 RU_NLMK 348 333 626 653,47 RU_RTKM 535 489 263 315,99 RU_SBER 457 373 203 401,07 ------------ --------- ----------------- Барлығы 5 944 5 179 331 329,52 ---------------------------------------- Бір қатысушы жасасқан мәмілелердің ең көп саны мен ең көп көлемі тиісінше 522 мәмілені және 544 609 292 теңгені құрады. "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 100-ден астам түрлі оқу орындарынан 3 000-нан астам оқушы тіркелді. Жобаның мақсаты – жас мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың қор нарығында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу. Студенттерге өтімділіктің бірінші класындағы құралдарды сатуға мүмкіндік берілді. Әрбір қатысушыға сауда-саттықтың басында басқармаға бір миллион теңге мөлшеріндегі портфель беріледі. Студенттердің негізгі міндеті конкурс жеңімпаздарын анықтайтын ең жақсы портфельді қалыптастыру болып табылады. Бұл байқауды KASE компаниялар тобы 2008 жылдан бері өткізіп келеді. [2022-01-11]