17 қаңтардан бастап "harMONY" ИПИҚ KZPF00000124 (FHJIhm) пайлары Т+ тізімінен шығарылады

10.01.22 11:32
/KASE, 10.01.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 05 қаңтарында "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Нұр-Сұлтан) басқаруындағы "harMONEY" ИПИҚ KZPF00000124 пайларын ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIhm) ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдары тізімінен (Т+тізімі) 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап алып тастау туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізімі KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf [2022-01-10]