/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ЖАСАДЫ

05.01.22 09:43
/KASE, 28.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2022 жылдың қаңтар айында Биржада айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері комитеттің индекстер мен индикаторлар бойынша 2021 жылдың 23 желтоқсанындағы шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған. 2022 жылдың 01 - 31 қаңтары аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 43 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2021 жылдың желтоқсанында құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар кірді: 1) Базалық активтері "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары болып табылатын, US46627J3023, US46627J2033 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, HSBKd) жахандық депозитарлық жазылым; 2) Advanced Micro Devices, Inc. (США) US0079031078 ("KASE Global" секторы, AMD_KZ) жай акциялары; 3) "KM GOLD" АҚ KZ1C00001254 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, KMGD) жай акциялары; 4) Yandex N.V. (АҚШ) NL0009805522 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, NL_YNDX) А сыныпты жай акциялары; 5) AT&T Inc. (АҚШ) US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акциялары; 6) Базалық активтері Kaspi.kz АҚ KZ1C00001536 (KSPI) жай акциялары болып табылатын US48581R1068 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, KSPId), жахандық депозитарлық жазылымдар; 7) Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акциялары; 8) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ000A0H0930 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBNp) артықшылықты акциялары; 9) Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акциялары; 10) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" АҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) үлеспұлдары. 2021 жылдың желтоқсан айында құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен шығарылды: 1) Meta Platforms, Inc. (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, FB_KZ) жай акциялары; 2) AltynGold plc. (Біріккен Корольдігі) GB00BMH19X50 ( КASE балама алаңы, "акциялар" секторы, GB_ALTN) жай акциялары; 3) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары; 4) Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ); 5) The Coca-Cola Company (АҚШ) US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) жай акциялары; 6) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ЖЗИҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) үлеспұлдары. 2022 жылдың қаңтар айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_jan.pdf сілтеме бойынша жарияланды. 2021 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2021_nov.pdf сілтеме бойынша жарияланды Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтеме бойынша жарияланды. [2022-01-05]