30 желтоқсаннан бастап "Rangeld Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008204 (MFRGb1) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

30.12.21 18:09
/KASE, 30.12.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 30 желтоқсанында KASE ресми тізімінің балама алаңына "Rangeld Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00008204 (MFRGb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 4 жыл; тоқсандық купон; жылдық 19,00 %; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/MFRG/ [2021-12-30]