"Rangeld Finance" Шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008204 (MFRGb1) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

30.12.21 15:05
/KASE, 30.12.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 30 қарашасындағы "Rangeld Finance" (ЖШС (Алматы) KZ2P00008204 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 4 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы тоқсандық купон, жылдық 19,00 %, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Осы шешімнің күшіне енгізілетін күні туралы Листингілік комиссия қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінде жалпы сомасы 30,0 млрд теңгеге 2021 жылдың 29 қазанында тіркелген "Rangeld Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. "Rangeld Finance" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) MFRGb1 берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-12-30]