06 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008324 (LZGRb2) облигацияларымен сауда-саттықтары ашылады

29.12.21 17:06
/KASE, 29.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 қаңтарынан бастап Қазақстан қор биржасында "Лизинг Групп" (Алматы) KZ2C00008324 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 27.12.21 – 27.12.22; 30/360) облигацияларының сауда-саттықтар ашылатыны туралы хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акциялардың баға белгілеу дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған акцияларды шығару туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/bonds/show/LZGRb2/ [2021-12-29]