28 желтоқсаннан бастап "KASE Global" секторына шетелдік эмитенттердің төрт акциясы енгізілді

28.12.21 18:38
/KASE, 28.12.21/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE немесе Биржа) шешімімен 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап шетелдік эмитенттердің келесі акциялары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді: 1) US1491231015 Caterpillar Inc. (сауда-саттық коды – CAT_KZ) жай акциялары; 2) US4592001014 International Business Machines Corp. (сауда-саттық коды – IBM_KZ) жай акциялары; Аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. [2021-12-28]