24 желтоқсаннан бастап Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

28.12.21 11:55
/KASE, 28.12.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 24 қыркүйегіндегі шешімімен "Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 11 өзгертулер мен толықтырулар бекітіліп,осы түзетулер 2021 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш өзгеріспен облигацияларды жалғыз сатушымен немесе сатып алушымен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін биржалық комиссиялық сыйақы мөлшері облигациялардың айналыс мерзіміне қарай өзгертілді және: • айналыс мерзімі 91 күнді қоса алғанда – облигациялардың жалпы номиналдық құнының 0,005%; • айналыс мерзімі 92 күнді қоса алғанда – облигациялардың жалпы номиналдық құнының 0,01%; • айналыс мерзімі 183 күннен 364 күнді қоса алғанда – облигациялардың жалпы номиналдық құнының 0,015%; • айналыс мерзімі 365 күн және одан жоғары қоса алғанда – облигациялардың жалпы номиналдық құнының 0,025%; Қағиданың жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2021-12-28]