"Аграрлық несие корпорациясы "АҚ "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-н қосып алу арқылы қоғамды қайта құру туралы хабарлады.

27.12.21 11:49
/KASE, 27.12.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға былай деп хабарлады: цитата басы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Жалғыз акционерінің 2021 жылдың 13 желтоқсандағы шешімімен бекітілген тапсыру актісі және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арасында жасалған 2021 жылдың 07 желтоқсанындағы қосылу туралы келісім-шарт негізінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері толық көлемде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға өтеді. цитата соңы Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FAGR/fagr_other_doc_131221_1810.pdf [2021-12-27]