27 желтоқсаннан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2404974508 (EBRDe14) халықаралық облигациялары Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

24.12.21 18:00
/KASE, 24.12.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 27 желтоқсанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелер жасасуға жол берілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің XS2404974508 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe14; 1 000 теңге, 12,5 млрд теңге; 11.11.21 – " бағалы қағаздар 11.11.24; күрделі пайыздық мөлшерлемеге тең құбылмалы тоқсандық купон Tonia + 0 %; actual/365) халықаралық облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне енгізу тәртібі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2021-12-24]