/KASE, 24.12.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 27 желтоқсанынан бастап ішінара қамтамасыз ету
шарттарында орталық контрагентпен мәмілелер жасасуға жол берілген
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) Еуропалық Қайта
Құру және даму банкінің XS2404974508 ("халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" секторы, EBRDe14; 1 000 теңге, 12,5 млрд теңге;
11.11.21 – " бағалы қағаздар 11.11.24; күрделі пайыздық мөлшерлемеге тең
құбылмалы тоқсандық купон Tonia + 0 %; actual/365) халықаралық
облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне енгізу тәртібі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі
KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған.
[2021-12-24]