27 желтоқсаннан бастап KASE Еуропа қайта құру және даму банкінің XS2404974508 (EBRDe14) халықаралық облигацияларының сауда-саттықтары ашылады

24.12.21 11:08
/KASE, 24.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Еуропа қайта құру және даму банкінің XS2404974508 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe14; 12,5 млрд теңге; 11.11.21-11.11.24; TONIA + 0% күрделі пайыздық мөлшерлемесіне тең құбылмалы тоқсандық купон; actual/365) халықаралық облигацияларының сауда-саттық ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасынадейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/EBRDe14/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2021-12-24]