"Лизинг Групп "АҚ KZ2C00006369 (LZGRb1) облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.12.21 09:45
/KASE, 27.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 27 желтоқсанынан бастап "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00006369 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге, 01.04.21 – 27.12.21; actual/365) дисконттық облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген. Олардың сауда-саттығы 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап ашылған. [2021-12-27]