"Лизинг Групп "АҚ KZ2C00006369 (LZGRb1) облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
27.12.21 09:45
/KASE, 27.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың
27 желтоқсанынан бастап "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00006369
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb1;
1 000 теңге, 2,0 млрд теңге, 01.04.21 – 27.12.21; actual/365) дисконттық
облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылды.
Аталған облигациялар 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап баламалы
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілген. Олардың сауда-саттығы 2021 жылдың 30 сәуірінен
бастап ашылған.
[2021-12-27]