27 желтоқсаннан бастап "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008324 (LZGRb2) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

24.12.21 17:28
/KASE, 24.12.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 22 желтоқсанында "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00008324 (LZGRb2; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 12 ай; 30/360) дисконттық облигацияларын баламалы сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың осы шешімі 2021 жылдың 27 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың сауда-саттығының ашылуы туралы KASE-де қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/LZGR/ [2021-12-24]