"Bank RBK" Банкі" АҚ өзінің KZ2C00002954 (INBNb4) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

24.12.21 14:02
/KASE, 24.12.21/ - "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 20 желтоқсанында өзінің KZ2C00002954 (INBNb4) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - 7-шi купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 515 088 796,24 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 466 143 707 теңгені, 7-шi купондық сыйақысы – 48 945 089,24 теңгені құрады. [2021-12-24]