"Самұрық-Энерго" АҚ Fitch Ratings агенттігі қоғамның және оның KZ2C00003986 (SNRGb2) облигацияларының рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"

23.12.21 11:57
/KASE, 23.12.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Биржаға былай деп хабарлады: цитатаның басы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Самұрық-Энерго" АҚ рейтингтері туралы ақпаратты жаңартты, рейтингтер мен болжам ВВ ағымдағы деңгейінде қосымша рейтингілік іс-қимылдарсыз (Review-No Action) қалырылды, болжам "Позитивті". 1. Шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер "ВВ" деңгейінде расталды, болжам "Позитивті"; 2. Шетел валютасындағы қысқа мерзімді кредиттік рейтинг "В" деңгейінде расталды; 3. Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг "А+(kaz)" деңгейінде расталды, болжамы "Позитивті"; 4. Артықшылықты қамтамасыз етілмеген рейтингтер "ВВ" деңгейінде расталды, болжам "Позитивті", атап айтқанда, мынадай бағалы қағаздар бойынша: SNRGb2, купондық облигациялар, KZP01Y05F571 (KZ2C00003986); 5. Өзіндік негіздегі рейтинг "b+" деңгейінде расталды. цитатаның соңы [2021-12-23]