KASE Басқармасы "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008324 (LZGRb2) облигацияларын баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

22.12.21 17:41
/KASE, 22.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2021 жылдың 22 желтоқсанындағы шешімімен "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) KZ2C00008324 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 12 ай; 30/360) дисконттық облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Басқарманың аталған шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға LZGRb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат басқарманың аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-12-22]