KASE Басқармасы "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008324 (LZGRb2) облигацияларын баламалы сауда-саттық алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
22.12.21 17:41
/KASE, 22.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2021 жылдың 22 желтоқсанындағы шешімімен "Лизинг Групп" АҚ (Алматы)
KZ2C00008324 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 12 ай; 30/360) дисконттық
облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы сауда-саттық алаңның
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді.
Басқарманың аталған шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға LZGRb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
басқарманың аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2021-12-22]