"Болашақ индустриясы" АИПҚ RU000A100S25 (RU_UKFFib) пайлары "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы бойынша KASE листинг процедурасынан өтті.
22.12.21 17:38
/KASE, 22.12.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 22 желтоқсанында "Инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторына "Болашақ индустриясы" нарықтық қаржы
құралдарының аралық инвестициялық пай қорының (тақырыбында және
бұдан әрі – "Болашақ индустриясы" АИПҚ) RU000A100S25 KASE ресми
тізімін енгізу туралы шешім қабылдады.
"Болашақ индустриясы" АИПҚ басқарушы компаниясы "Шығыс-Батыс
"Басқарушы компаниясы" ЖШҚ болып табылады.
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Көрсетілген пайлармен KASE сауда-саттықтарының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған пайларға RU_UKFFIB қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған пайлар "Мәскеу биржасы" КАҚ ресми тізіміне енгізілген.
Аталған пайлардың шығарылымы туралы толық ақпарат басқарманың осы
шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын
болады.
[2021-12-22]