"Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ акционерлері 2021 жылдың үшінші тоқсанында жай және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

20.12.21 17:06
/KASE, 20.12.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) өз акционерлерінің 2021 жылдың 03 желтоқсанында өткен кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - 2021 жылдың үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша 2021 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша компанияның таза табысының бір бөлігінен, сондай-ақ бөлінбеген пайдадан: бір жай акцияға – 319,84 теңге, бір артықшылықты акцияға – 319,84 теңге есебімен дивидендтер есептелсін және төленсін. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2021 жылдың 10 желтоқсаны, жай акциялар бойынша – 2021 жылдың 13 желтоқсаны болып айқындалсын. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі барлығы үш мәселе бойынша шешім қабылданды. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_results_031221_129.pdf [2021-12-20]