"Bank RBK" Банкі" АҚ Moody' s Investors Service агенттігіні банктің рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"

20.12.21 15:55
/KASE, 20.12.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) Биржаға былай деп хабарлады: цитатаның басы 2021 жылдың 15 желтоқсанында Moody's Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі Банктің келесі рейтингтерін растады және рейтингтер бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" жақсартты. - Ұлттық және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг "В2"; - Банктің депозиттері бойынша қысқа мерзімді рейтинг "Not Prime"; - Несиелік қабілетінің түзетілген базалық бағалауы"b3" - Несиелік қабілетінің базалық бағалауы "b3" - Контрагенттің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингі "B1" - Контрагенттің қысқа мерзімді тәуекел рейтингі "Not Prime" - Контрагенттің тәуекелін ұзақ мерзімді бағалау "B1(cr)" - Контрагенттің тәуекелін қысқа мерзімді бағалау "Not Prime (cr)" цитатаның соңы [2021-12-20]