"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкінің KZ2C00004570 (CCBNb6) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.12.21 11:39
/KASE, 20.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкінің KZ2C00004570 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb6; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 20.12.18 – 20.12.21; жартыжылдық купон, жылдық 13,00%; 30/360) облигацияларының айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2018 жылдың 11 желтоқсанынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Сауда-саттық 2019 жылдың 07 наурызынан бастап ашылған [2021-12-20]