"Bank RBK" Банкі" АҚ-ның KZ2C00002954 (INBNb4) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.12.21 11:36
/KASE, 20.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) KZ2C00002954 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, INBNb4; 1 теңге, 50,0 млрд теңге; 18.12.14 – 18.12.21, жылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2014 жылдың 18 желтоқсанынан бастап "рейтингілік бағалауыы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда-саттығы 2015 жылдың 17 наурызынан бастап ашылған. [2021-12-20]