21 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ KZ2C00008332 55,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

15.12.21 16:42
/KASE, 15.1221/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде 2021 жылдың 21 желтоқсанында "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008332 облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілгеннен кейін жүргізіледі. ------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00008332 KASE сауда-саттық коды: кейінірек беріледі Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 55 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттық күні Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3 600 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 11,00 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------- --------------------------- Сауда-саттық күні: 21.12.21 Жарияланған орналастыру көлемі 55 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–11:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–11:30 Кесім уақыты: 13:00 (Т+0) Төлем уақыты: 21.12.21, 13:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан төмен қарсылама өтінімдер кесімделеді Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық жүргізу әдістері туралы қағиданың 28 б. 6 т. сәйкес Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ ------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған. Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында алматылық уақытпен сағат 18:20-ға дейін болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2021-12-15]