15 желтоқсаннан бастап бағалы қағаздардың үш атауы Т+ тізіміне енгізіледі

14.12.21 15:19
/KASE, 14.12.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 15 желтоқсананнан бастап ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) енгізу туралы шешім қабылдады: 1) Verizon Communications Inc.US92343V1044 (сектор "KASE Global", VZ_KZ); 2) American Electric Power Company, Inc.;US0255371017 (сектор "KASE Global", AEP_KZ) 3) JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (сектор "KASE Global", JPM_KZ) Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf [2021-12-14]