14 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында "5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС KZX000000690 (AOILe1) 24 815 халықаралық облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

10.12.21 16:20
/KASE, 10.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 14 желтоқсанында KASE сауда-саттық жүйесінде "5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZX000000690 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, AOILe1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZX000000690 KASE сауда-саттық коды: AOILe1 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 15 000 000 – орналастырылған: 12 518 500 Айналыстың басталу күні: 06.05.21 Айналыстың соңғы күні 05.05.24 Өтеуді бастау күні 06.05.24 Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 080 күн) Купон мөлшерлемесі: жылдық 8,00 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 4 рет Купон төлеуді бастау күні: 06 ақпанда, 06 мамырда, 06 тамызда, 06 қарашада жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------ ----------------------- Сауда-саттық күні: 14.12.21 Өтеуге дейінгі мерзімі: 2,4 жыл (862 күн) Жарияланған орналастыру көлемі 2 481 500 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–11:00 Кесім уақыты: 12:00 (Т+0) Төлем уақыты: 14.12.21, 12:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімді бағасы шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру бойынша тәсілі: Өтінімдердің беру кезегіне байланысты қайшылама өтінімдерді шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ ------------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kz.pdf сілтемесі бойынша танысуға болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/AOILe1/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2021-12-10]