08 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті

08.12.21 15:25
/KASE,08.12.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын KZKD00001152, MUM132_0007) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 98,8905 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,81%) жалпы сомасы 39 424 711 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 157,7 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 40 526 828 796,0 теңгені құрады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-132 жетінші шығарылымын (KZKD00001152, MUM132_0007)" орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы https://kase.kz/ru/news/show/1474161/ сілтемесі бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды. [2021-12-08]