09 желтоқсаннан бастап "Каражыра" АҚ KZ2C00007144 (KZHRb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады

08.12.21 10:41
/KASE, 08.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2021 жылдың 09 желтоқсандағы шешімімен "Қаражыра" АҚ (Семей) KZ2C00007144 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KZHRb1; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 10 жыл, тоқсандық купон, жылдық 14,00 %; 30/360) облигациялар "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылатынын хабарлайды. [2021-12-08]