"КазАзот" АҚ акционерлері компанияның 2020 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешімді кейінге қалдырды

07.12.21 15:42
/KASE, 07.12.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАзот" АҚ (Ақтау) 2021 жылдың 02 желтоқсанында болып өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы Биржаға хабарлады. Акционерлер 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KZAZ/kzaz_special_shareholders_meeting_results_021221_4569.pdf [2021-12-07]