06 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы АҚ KZ2P00008162 (MFOKb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

06.12.21 13:05
/KASE, 06.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 06 желтоқсаннан бастап "ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы АҚ (Алматы) KZ2P00008162 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFOKb2; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 09.11.21 – 09.11.24; жартыжылдық купон, жылдық 18,00%; 30/360) облигацияларымен сауда- саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb2/ [2021-12-06]