"Fincraft Resources" АҚ KZ2C00001360 (SATCb1) және KZ2C00001832 (SATCb2) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды

03.12.21 10:20
/KASE, 03.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 30 қарашасынан бастап "Fincraft Resources" АҚ келесі облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды: - KZ2C00001360 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, SATCb1; 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 03.01.08 – 03.12.21; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 9,30 %; 30/360); - KZ2C00001832 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, SATCb2; 100 теңге, 6,0 млрд теңге; 03.08.12 – 03.12.21; жылжымалы жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,40 %; 30/360). SATCb1 облигациялар 2008 жылдың 03 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "В" секторына, 2019 жылдың 08 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2008 жылдың 16 қаңтарынан бастап ашылған. SATCb2 облигациялар 2012 жылдың 03 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2019 жылдың 08 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2008 жылдың 16 қаңтарынан бастап ашылған. [2021-12-03]