Маңғыстау және Жамбыл облыстарының әкімдіктері 30 қараша күні Қазақстан қор биржасында 17,7 млрд теңге тартты
30.11.21 18:45
/KASE, 30.11.21/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде
(KASE) жергілікті атқарушы органдар облигацияларының бес шығарылымын
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша
облигациялардың келесі шығарылымдары орналастырылды:
1) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000838
(MGK118_083; 1 000 теңге, 4 475 753 000 теңге; 118 ай; жылдық купон,
жылдық 7,10 %; 30/360) облигациялары 4,5 млрд теңге;
2) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000846
(MGK130_084; 1 000 теңге, 1 682 589 000 теңге; 130 ай; жылдық купон,
жылдық 6,10 %; 30/360) облигациялары 1,7 млрд теңге;
3) Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының KZMF00000853
(MGK132_085; 1 000 теңге, 2 673 765 000 теңге; 132 месяца; жылдық
купон, жылдық 6,10 %; 30/360) облигациялары 2,7 млрд теңге;
4) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001006
(DZK024_100; 1 000 теңге, 6 215 059 000 теңге; 27.07.21 – 27.07.23;
жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары 1,9 млрд
теңге;
5) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001154
(DZK024_115; 1 000 теңге, 7 008 000 000 теңге; 2 года; жартыжылдық
купон, жылдық 4,25 %; 30/360) облигациялары 7,0 млрд теңге.
Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының облигациялары
"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы"
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде көзделген іс-шараларды
қаржыландыру мақсатында шығарылды.
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының облигациялары
мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын
қаржыландыру мақсатында шығарылды.
[2021-11-30]