02 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE_BM * СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІ 57 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

30.11.21 14:49
/KASE, 30.11.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) индекстері мен индикаторлары жөніндегі комитеті қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесіне (әдістеме) сәйкес 2021 жылдың 02 желтоқсанынан бастап KASE_BM сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге келесі облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады: 1) Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы (BVTBb7); 2) Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы (BVTBb8); 3) "Банк "Bank RBK" АҚ(INBNb10); 4) "КазАгроҚаржы" АҚ (KAFIb11); 5) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (KFUSb14); 6) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (KFUSb16); 7) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (KFUSb17); 8) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ (KFUSb30); 9) "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (MFKMb1); 10) "МФО "Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан" ЖШС (MFTFb1); 11) "Fincraft Group" ЖШС (NCOMb2). Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет қор нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілетті тізімдерді қайта қарайды: 1) негізгі сауда-саттық алаңы (KASE_BM сериясы*) – KASE_BMC таза бағалар индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) баламалы сауда-саттық алаңы (KASE_BA* сериясы) - KASE_BAC таза бағалар индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2021 жылдың 02 желтоқсанынан бастап KASE_BM * сериялы индикаторлардың өкілетті тізімі 57 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериялы индикаторлардың тізіміне енгізу үшін баламалы сауда- саттық алаңының облигациялары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, KASE_BA* сериялы индикаторларды есептеу аталған индикаторларды есептеу үшін өкілдік іріктеудің болмауына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төрт болуы тиіс. Көрсетілген тізімдер KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ сілтемесі бойынша көруге қолжетімді. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді. [2021-11-30]