Бүгін Қазақстан қор биржасында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001154 (DZK024_115) 7,0 млн облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық жүргізілуде

29.11.21 17:33
/KASE, 29.11.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының 7 008 000 дана мөлшерінде KZMJ00001154 (DZK024_115; 1 000 теңге, 7 008 000 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 16:00-ден бастап жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны қоспағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Лот мөлшері – 1 облигация. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақысын қосып) көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімді баға бойынша, қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады, KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі https://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережелері https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы қағиданың мәтіні https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf сілтеме бойынша жарияланған. [2021-11-29]