Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008158 (EABRb22) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды.
30.11.21 10:21
/KASE, 30.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың
30 қарашасынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00008158
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb22;
1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 02.11.21 – 30.11.21; actual/365) дисконттық
облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен алынып тасталғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар 2021 жылдың 26 қазанынан бастап KASE ресми
тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2021 жылдың 03 қарашасынан бастап
ашылған.
[2021-11-30]