29 қараша күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 (KZKD00001186, MUM180_0015) 15-шығарылымын орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті

29.11.21 14:35
/KASE, 29.11.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 15-шығарылымын (KZKD00001186, MUM180_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 99,2466 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,87 %) жалпы сомасы 20 685 861 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 83,9% құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 21 112 274 741,8 теңгені құрады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE жаңалықтары "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 15 шығарылым (KZKD00001186, MUM180_0015) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" KASE интернет- сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1473633/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2021-11-29]