29 қарашадан бастап Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001154 (DZK024_115) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

29.11.21 14:52
/KASE, 29.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 29 қарашасынан бастап Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001154 (1 000 теңге, 7 008 000 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 4,25%; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигацияларға DZK024_115 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат жақын арада KASE интернет-сайтында жарияланатын болады. [2021-11-29]