26 қарашадан бастап "ТСП Групп" ЖШС-нің KZ2P00008113 (TSSPb1) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

26.11.21 18:14
/KASE, 26.11.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 24 қарашасында KASE ресми тізіміне "ТССП Групп" ЖШС (Нур-Султан) KZ2P00008113 (TSSPb1, 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 18,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 26 қарашасынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/TSSP/ [2021-11-26]